"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны: полиция билет сатып алу кезінде сақ болуға шақырады
- author AR-AY
- 3 қыркүйек, 2025
- 641
Құқық қорғаушылардың айтуынша, ірі спорттық және мәдени шаралар алдында интернет арқылы жалған билеттер сататын алаяқтар көбейеді. Осыған байланысты Алматы қалалық полициясы ең кең таралған алаяқтық схемаларды түсіндіретін бейнеролик әзірледі.
Полиция билеттерді тек ресми кассалардан немесе лицензиясы бар таратушылардан алуды ұсынады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстардан сақтану қажет.
«Алдағы матчқа қызығушылықтың артуымен бірге алаяқтық қаупі де жоғарылайды. Билетті тек ресми дистрибьюторлардан алыңыз. Бұл – өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы», – деді қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Күмәнді жағдай анықталған кезде полиция азаматтарға дереу «102» нөміріне хабарласуды еске салады.
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




