Қазақстандық 66 студент III Түркі универсиадасында бақ сынайды
- author AR-AY
- Бүгін, 09:25
- 11

Байрақты бәсекеге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер – Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан студенттері қатысады. Жарыстар волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі секілді 7 спорт түрі бойынша ұйымдастырылады.
Қазақстан атынан 15 жоғары оқу орнынан 66 спортшы ел намысын қорғайды.
Универсиаданың салтанатты ашылу рәсімі 4 қыркүйекте сағат 18:00-де, ал жабылу рәсімі 8 қыркүйекте сағат 18:00-де өтеді.
Айта кетейік, II Түркі универсиадасы да осы 7 спорт түрі бойынша 2023 жылғы 5–10 қараша аралығында Түркістан қаласында ұйымдастырылған болатын. Оған 5 елден 445 делегат қатысқан еді.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларға белсенді қатысуына қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.