Жаңалықтар
Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті
- author AR-AY
- 28 тамыз, 2025
- 95

Үкімет Президент тапсырмаларын орындау аясында 2030 жылға дейінгі ҚР өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды arainfo.kz
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков құжат халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен дамудың басты бағыттары негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталғанын атап өтті. Бұл – агломерациялар, моноқалалар, тіреу ауылдар және жаңа Алатау қаласы. Құжатта әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерді азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Бүгінде Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейі 64%-ды құрады. Ал 2028 жылға қарай 70%-ға дейін өсу болжануда. Бұдан бөлек, 2030 жылға қарай елдегі жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің қосатын үлесі 40%-ға дейін жетпек»,— деп атап өтті Бауыржан Омарбеков.
Келесі мақала