Жаңалықтар
Елімізге инвестиция тарту – Президент Жолдауында қойылған басты міндеттердің бірі
- author AR-AY
- Бүгін, 10:57
- 25

Елімізге инвестиция тарту – Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған басты міндеттердің бірі.
2025 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 9,9 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артық (8,3 трлн теңге).
2025 жылдың 7 айындағы инвестициялардың негізгі үлесі тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу, жылжымайтын мүлік операциялары, көлік және қоймалау, білім беру, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету сияқты салаларға тиесілі.