
Осы Ереженің 27-тармағында суаратын суды пайдалану тәртібінің, су тұтынушыларға қатысты міндеттемелер жүктелген.
Атап айтқанда, су тұтынушының өз бетінше су алуына жол берілмейді. Су пайдаланушының хабарынсыз суды өз бетінше алу кезінде уәкілетті органның ведомствасымен келісілген су тұтынудың үлестік нормаларында белгіленген екі еселенген мөлшердегі сомада су тұтынушымен төленеді» деп көрсетілген, яғни Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес, өнім берушіге материалдық залал келтіргені үшін, сотқа талап арыз берледі.
Сонымен қатар, Суды арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарттың 10-тармағында төлемақыны тұтынушы нақты көрсетілген қызметтердің мөлшері үшін төлем құжаты негізінде ай сайын есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-жұлдызына дейінгі мерзімде немесе шартта белгіленген мерзімдерде тұтынушы мен өнім беруші арасындағы келісім бойынша жүргізеді.
Сондай-ақ, аталған шарттың 25-тармағында төлем уақытылы жүргізілмеген жағдайда әрбір өткен мерзім үшін тұрақсыздығын айыбын (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,5 еселенген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерде) төлейді.
Осы орайда, құрметті су тұтыншылар Сізден пайдаланған қызметтер сомасын уақытылы төлеуді және суды өз бетінше келісім шартсыз алуға, бұруға бұзуға болмайтынын хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және
ирригация министрлігінің "Қазсушар" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның Жамбыл филиалы