Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздық ҚАЖ қызметкерлері тұғыр биігінде

Тараздық ҚАЖ қызметкерлері тұғыр биігінде
Автор
Құқық қорғау қызметкері болу – өз мүддеңнен көптің мүддесін жоғары қоя білу, кездескенді қиындықты еңсеру әрі түрлі қылмыстардың алдын алу.

Осы себепті, кез келген тәртіп сақшысы үшін спортпен айналысу – өмірінің айнымас бөлігіне айналған. Өйткені, дене шынықтыру бұл саладағы әрбір қызметкердің төзімділік пен физикалық деңгейін арттырып, командалық рух пен ұжымның береке-бірлігін нығайтуға оң ықпал етеді. 

Бүгінгі таңда тараздық ҚАЖ қызметкерлерінің қоржынында бір емес, бірнеше айтулы жарыстың жеңісі бар. Мәселен, жуырда ғана жерлестеріміз Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ХІІ спартакиадасы және «Динамо» ДШСҚ ҚБ ведомствоаралық ХІІ спартакиадасы бағдарламасындағы қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен сайыста жасындай жарқылдады. Нақтылай түссек, бұл жарыста жамбылдық қыз-жігіттер бас-аяғы 6 қола медальға ие болды. Ендеше, спортты нағыз өмір салтына деп санайтын әмбебап құқық қорғау қызметкерлеріне тек сәттілік тілейміз!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар