Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бейнебақылау – тәртіп кепілі

Бейнебақылау – тәртіп кепілі
Бүгінде еліміз бойынша 78 түзеу мекемесінде 43 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, деп хабарлайды arainfo.kz

Осынау сандық жүйелердің көрсетілімдері нақты уақыт режимінде қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне, Ішкі істер министрлігіне және прокуратура органларына жолданады. Ал мұндай тәжірибе – адам құқықтарының сақталуына бақылауға, құқықбұзушылықтарды жедел анықтауға және сотталғандар мен мекеме қызметкерлері арасында тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, өткен жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне 428-1 бап енгізілген болатын. Бұл жаңа норма пенитенциарлық жүйесі мекемелеріндегі бейнебақылау камераларын әдейі бүлдіргені немесе істен шығарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырады. 

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерге дәл осы мәселеге қатысты тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. ҚАЖ қызметкерлері өз сөздерінде аталған өзгеріс еліміздегі түзеу мекемелеріне тәулік бойы бейнебақылау жүйесінің кеңінен енгізілуімен және осы камераларды қасақана зақымдау жағдайларының жиілеп кетуімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар