Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі басталды

Талғарда Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі басталды
видеодан скрин
Бүгін Талғар аудандық сотында спортшыны ұрлау және соққыға жығу ісі бойынша басты күдікті Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қасымбаевтың есімі 2024 жылғы қазан айында Талғарда болған жанжалдан кейін белгілі болды. Ол оқиға 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімімен аяқталып, қоғамда "Хуторские" деп аталатын қылмыстық топ туралы әңгіме тарады. ІІМ мұндай топтың барын жоққа шығарғанымен, Қасымбаев пен бірнеше адам қамауға алынған.

Айыпталушыға үш бап бойынша айып тағылды: адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқыту. Ол 2024 жылғы 2 қарашада ұсталған. Сонымен бірге тағы бес күдікті сот алдында жауап беруде.

Сот процесі қазақ тілінде, судья Айнагүл Тұқабаеваның төрағалығымен ашық режимде өтіп жатыр. Жәбірленушілер қатарында екі адам бар, олардың деректері жария етілмеген.

Тамыз айының басында тергеу аяқталған болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар