Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ZETA» кәсіпорнының әлеуеті артуда

«ZETA» кәсіпорнының әлеуеті артуда
istockphoto.com
Меркі ауданында индустриялық-инновациялық бағыттағы ірі жобалардың бірі – «ZETA» кәсіпорнына аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы барып, өндіріс орнының бүгінгі жағдайымен танысты.

2023 жылы іске қосылған кәсіпорын қысқа уақыт ішінде өндірістік әлеуетін арттырып, түрлі металл бұйымдарын шығарумен айналысып келеді. Бүгінде заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған «ZETA» – өңіріміздегі қарқынды дамып келе жатқан өндіріс ошақтарының бірі.

Қазіргі таңда кәсіпорында 50-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл – бір жағынан ауданымыздағы еңбек нарығын тұрақтандыруға, екінші жағынан отандық өндіріс пен ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып отырған көрсеткіш.

Аудан әкімі аталған кәсіпорынның өндіріс цехын аралап, шығарылып жатқан өнімдердің үлгілерімен танысты. Жұмысшылармен пікір алмасып, олардың жұмыс жағдайын көзбен көрген Ербол Бекмырзаұлы ұжым мүшелерінің еңбекқорлығына ерекше тоқталды.

– «ZETA» – ауданымыздың өндірістік әлеуетін арттырып отырған маңызды кәсіпорын. Мұндай бастамалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарады. Аудан әкімдігі шағын және орта бизнесті әрдайым қолдауға әзір, – деді аудан басшысы.

Кездесу барысында кәсіпорын басшылығымен өндірістік қуатты арттыру, өнім түрлерін көбейту және экспорттық бағыттағы жұмыстарды дамыту мәселелері де талқыланды.

«ZETA» кәсіпорны – жаңа заман талаптарына сай жұмыс істейтін, жаңашылдықты серік еткен өндіріс орны. Мұндай жобалар аудан экономикасына тың серпін беріп, өңіріміздің индустриялық-инновациялық дамуына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

 

Меркі ауданының

баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар