Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қонаев мұрасы: «Тарихтың төріндегі тұлға» атты ой талқы кеші өтті

Қонаев мұрасы: «Тарихтың төріндегі тұлға» атты ой талқы кеші өтті
Ашық дереккөз
Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тұлға – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың естелік эсселерінен құралған «Ақиқаттан аттауға болмайды» кітабына арналған «Тарихтың төріндегі тұлға» ой талқы кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Тағылымы мол іс-шараға филология ғылымының докторы, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры Сәмен Құлбарақ, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, белгілі журналист және қоғам қайраткері Жаңабай Миллионов, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлы,  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің аға оқытушысы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиеттанушы Бақытжан Мақашев, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Темірбай Мұқашев қатысты.

Жиылған көпшілік кезек-кезек сөз алып, тұлғаның тағылымды ғұмырынан өнеге ете отырып, оны бүгінгі күнмен сабақтастырып, болашаққа бағыт-бағдар жасау қажеттігін атап өтті. Жиын аясында көрнекті тұлғаға арналған кітап көрмесі де ұйымдастырылды.

Ой талқыға ҚР Ұлттық ұланы  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 5513  әскери бөлімі және ҚР Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының сарбаздары да қатысты. Олар шара барысында тың деректермен танысып, тарихи тұлғаның елге қызмет ету жолындағы қайраткерлік болмысынан тағылым алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар