Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көлеңкелі кіріс көсегемізді көгертпейді

Көлеңкелі кіріс көсегемізді көгертпейді
Автор
Облыстық мемлекеттік кірістер органдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің табыстарын көлеңкеден шығару мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізуде.

Атап айтқанда, жыл басынан бастап қоғамдық тамақтандыру және демалыс ұйымдастыру саласында (мейрамханалар, кафелер, фитнес клубтар) қызмет көрсететін кәсіпкерлердің нақты табыстарын анықтау мақсатында облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымдық бөлімшелерімен 6 хронометраждық зерттеп-қарау жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша 5 бизнес субъектісі қосымша декларациялар тапсырып, табыстары 171,1 миллион теңгеге ұлғайды, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар саны 30 адамға артты. Бюджетке қосымша 4,6 миллион теңге салық түсті.

Сонымен қатар, салықтық тексерулер жүргізбестен, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларына сәйкес өткізілген тыңдаулар мен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 14 бизнес субъектісі бойынша табыс 734,5 миллион теңгеге ұлғайып, бюджетке 17 миллион теңге көлемінде салық төленді.

Сондай-ақ, 52 блогердің қызметіне салықтық әкімшілендіру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 34 блогер бойынша бюджетке 47,1 миллион теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді. Аталған жұмыстар облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ерекше бақылауында және тұрақты түрде жалғасатын болады.

Облыстық мемлекеттік
кірістер департаментінің
баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар