Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мақсатымыз — қазақ тілінде қаралатын сот істерін көбейту

Мақсатымыз — қазақ тілінде қаралатын сот істерін көбейту
Ашық дереккөз
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» 11 шілде 1997 жылғы Заңының 4.7.9—баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Ата Заңымыздың елге әкелген көптеген өнегелерінің бірі мемлекет құрастырушы ұлт тілі — қазақ тілін мемлекеттік деңгейінде көтеруінде болып отыр.

Aтап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі.

Қазақ тілінің мәртебесін арыттыру біздің міндетіміз. Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық құқық белгілерінің бірі - мемлекеттік тіл.

Еліміз егеменділік алуына байланысты бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтерілді. Сондықтан да ана тіліміздің қоғамдық өмірдің барлық саласында өз мәртебесіне сай орын алу барысы күрделі жағдайда өтіп жатыр

Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Бірақ өкінішке орай, осы уақытқа дейін мемлекетіміздің бүкіл салаларындағы жұмыстардың көпшілігі ресми тілде жүргізіліп отырылады. Сондықтан ең бастысы — өзіміз тілімізді құрметтеп, сыйлауымыз керек, ана тіліне жай көңіл бөліп қана қоймай, оның әрі қарай жетілуіне заң жүзінде дамуына үлесімізді қосу және ана тілінде іс қағаздарын жүргізуді дамытуды қалыптастыруға күш салу қажет.

Сот ісін жүргізу тілі сотқа берілген құжаттардың беріліуіне қарай жүргізіледі, әрбір азамат істі өзінің ана тілінде немесе өзі білетін басқа тілде жүргізуді талап етуге құқылы және өздері білетін басқа тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен жауап беру, өтініш білдіру, шағым жасау, іс материалдарымен танысу, сотта сөйлеу және кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының кызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі, сол сияқты онымен қамтамасыз етіледі.

Елімізде «Тіл туралы» заңының 13-бабында ҚР сот істері мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде орыс тілі де мемлекеттік тілмен тең қолданылылуға құқық берілген, бірақ бұл іс жүзінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын тарылтып, құқықтық нормасын шектеп отыр. 

Басқа елдердің қай-қайсысын алсақ та, тіл мәселесі дұрыс жолға қойылған. Өйткені ол тәуелсіздікті айқындайтын негізгі фактордың бірі деп санау кажет. «Баяғы жартас бір жартас» деп Абай атам айтқандай, мемлекеттік тіліміз әлі де жете дамып кете қойған жоқ. 

Заман талабына сай мемлекеттік тілді жедел, жете үйрену үшін қоғамдық, экономикалық қажеттілік көздерін тауып, қажеттілік талаптарын заң арқылы жүздеге асырып отыру қажет.

Ана тілін білмегендік, сүймегендік, ұлт сезімін жоя отырып, ұлт безерлікті тудырады. Тілді тұсаулайтын өзге емес — өзіміз.

Ана тілін ұмыткан адам өз халкының, еткенінен де, болашағынан да қол үзеді.

Егеменді елдің бір белесі — мемлекеттік қазақ тілі деп санаймын, сондықтан осы ел белесін жоғары деңгейге жеткізу үшін мемлекеттік органдармен қатар, сот жүйесінде де ұстау үшін мемлекеттік қазақ тілін игеруге қосар үлесіміз, үмітіміз зор деп есептеймін.

Қорыта айтатын болсақ, қазақ тілін білу, оны құрметтеу жалпы Қазақстан халқының парызы, ата-бабаларымыздың алдындағы қарызымыз, өтейтін борышымыз деп есептеу керек. Олай болса, намысқа тырысып, тіліміздің беделі үстем болуын, еліміздің әр азаматы ардақтап, оны кеңінен қолданып, бірлесе күшейту қажет деп санаймын. Қазақ елінде, қазақ жерінде, қазақ тілі мемлекеттік өрекендеуі қажет, оған тек қазақ халқының ұрпақтары ғана емес, бүкіл Қазақстан елінде өмір сүріп жатқан адамдар үлес қосу керек, ол үшін осы мәселе женінде мемлекет тарапынан талаптар да күшейтілуі қажет деп санаймын.

Қазақстанның келешегі — қазақ тілінде. Тіл жоқ, жерде — ұлт жоқ.

Ғ. Аманбаев, 
Тараз қаласы №2 сотының судьясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар