Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

245 мектеп кешенді реновациядан өтеді

245 мектеп кешенді реновациядан өтеді
Автор
Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда заманауи бірыңғай мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған кең ауқымды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Алдағы үш жыл ішінде еліміз бойынша 1231 мектеп жаңартылады.

2025 жылы 245 білім ошағында жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Оның ішінде 146 мектеп ауылдық жерлерде, 99-ы қалалық аймақтарда орналасқан.

Жоспар бойынша 214 мектепте күрделі жөндеу жүргізіледі, 19 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылады, 12 мектеп реконструкцияланады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, жобаның жүзеге асырылуы 100 мыңға жуық оқушының оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңғырту жұмыстары білім беру саласының заманауи талаптарына сай келетін 9 бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Оған мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу, пән кабинеттерін жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, талшықты-оптикалық интернет желісіне қосу, спортзалдары, кітапханалар мен асханаларды қайта жабдықтау, қауіпсіздік жүйелерін орнату және мектеп аумағын абаттандыру кіреді.

Айта кетейік, ауыл мектептеріне ерекше назар аударылған. Бұл бастама қала мен ауыл арасындағы білім беру сапасындағы айырмашылықты азайтып, барлық оқушыларға тең мүмкіндік жасауға бағытталған.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар