Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шу ауданында өнер және мәдениет орталығы ашылды

Шу ауданында өнер және мәдениет орталығы ашылды
Ақәділ Рысмахан
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапары барысында Белбасар ауылындағы 100 орындық мәдениет үйінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz

- Шу ауданы — таланттар бесігі.   Бұл қасиетті өңірден мәдениет саласына елеулі үлес қосқан дарынды тұлғалар дүниеге келген. Олардың өмір жолы өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Шығармашылық мұрасы – жас ұрпаққа үлгі болып, ұлттық мәдениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етуде, - деді облыс әкімі.

Жаңа клубтың құрылысы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оны «Ник Тараз» ЖШС салған. Жоба құны – 373 млн. теңге.

Нысанда 13 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс істейді.

– Біздің ауылда осы уақытқа дейін мәдениет үйі болмаған еді. Міне қазір заман талабына сай керемет нысан бой көтеріп, ауыл тұрғындары мен жастар бос уақытын тиімді пайдаланып, мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысатын болды, – деді ауыл ақсақалы Естай Күнчашовке.

Айта кетейік, өткен жылы өңірде 20 мәдениет нысаны салынып, оның 
8-і пайдалануға берілді. Ал осы жылы жоспарланған 16 нысанның 3-і ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін  8 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар