
2025 жылдың 6 айында департаментке 742 өтініш келіп түскен. Бұл 2024 жылдың 6 айымен салыстырғанда 214 өтінішке артық. Өтініштер санының өсуі 40,5 пайызды құрайды. Оның ішінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 580 өтініш келіп түссе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 135 өтінішке көп. Ал 2024 жылдың жартыжылдығында 445 өтініш түскен екен.
– Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өтініштер санының өсуі 30,3 пайызды құрайды. Сауда қызметі саласы бойынша есепті кезеңде 162 жазбаша өтініш келіп түсті. Бұл осы салада 2024 жылдың 6 айында келіп түскен өтініштер санынан 2 есе көп. 2024 жылдың 1 жартыжылдығында 83 жолданым болған. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы шағымдардың негізгі спектрі бөлшек сауда. Бөлшек сауда бойынша өтініштерде сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту басым болады. Электрондық сауда саласындағы шағымдар саны 2025 жылдың 6 айында 123-ке жетті. 2024 жылдың жартыжылдығында 73 өтініш түскен болатын. Білім беру қызметтері саласындағы өтініштер де қарқынды өскенін атап өткен жөн. Есепті кезеңде департаментпен қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша тұтынушыларға 14,6 миллион теңге қайтарылды. Биыл 6 ай ішінде департамент тұтынушылардың өтініштері бойынша бизнес субъектілеріне 101 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 78 тексеру ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 23 тексеру тұтынушының шағымына жауап бермеу және тиісті сападағы тауарды айырбастау-қайтаруды қамтамасыз етпеуі бойынша. Тексеру нәтижесінде 89 бұзушылық анықталды. Бұзушыларға 89 әкімшілік жаза қолданылды, оның 44-і ескерту түрінде, 35-і жалпы сомасы 1228,8 мың теңгеге айыппұл түрінде жаза қолданылды, сондай-ақ 6 профилактикалық бақылау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 2024 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда тексерулердің 48,5 пайызға өсуі байқалады Сондай-ақ бұзушылықтар саны 6 айда өткен жылмен салыстырғанда 89-ға дейін өсті. 2024 жылдың 6 айында 44 бұзушылық анықталған болатын. Салынған айыппұлдар сомасы да өсті, – деген Байқадам Еркінбекұлы департамент өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп жатқанын атап өтті.
Осы жылдың 6 айында әлеуметтік желілерде, өңірлік БАҚ-та 1 224 материал мен 34 мақала, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында 12 материалы жарияланған.
Сонымен қатар облыстық радиода департамент қызметкерлерімен бірлескен түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, қызметкерлердің пікірі тыңдалған. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында да бірнеше брифинг өткізілген. Одан бөлек 10 күн «Ашық есік» күні ұйымдастырылыпты.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ