Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді

90 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтеді
egemen.kz
Жазғы демалыс кезінде бірінші сыныпқа баратын балалардың білім деңгейін теңестіру мақсатында елімізде қысқамерзімді «Балақайлар мектебі» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба Қазақстанда қатарынан екінші жыл қолға алынып отыр

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартына сай әзірленген және мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ бағдарлама балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке дайындауға мүмкіндік береді.

– Жаз маусымының екі айында қысқамерзімді мектепалды даярлық к у р с т а р ы ш а м а мен 25 мыңға жуық баланы қамтыды. Оқыту мерзімі бір айға есептелген. Сабақтар күн сайын 30 минуттан, 10 минуттық үзілістермен өтеді. Балаларға бастауыш сыныптың білікті мұғалімдері немесе мектепалды даярлық педагогтары сабақ береді. Әсіресе балалардың физикалық, коммуникативтік, зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтікэмоционалдық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруға баса назар аударылады, – деді Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Тамыз айында шамамен тағы да 5,3 мың топ құрып, 65,2 мың баланы қамту жоспарлануда. Осылайша биылғы жазда қысқамерзімді мектепалды даярлық к у р с т а р ы м ен 9 0 м ы ң ғ а ж у ы қ б а л а қамтылады. Айта кетейік, «Балақайлар мектебі» бағдарламасын ұйымдастыру – осыған дейін балабақшаға бармаған балалар үшін мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қ.СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар