Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дайындық деңгейі пысықталды

Дайындық деңгейі пысықталды
Автор
Жуырда республика бойынша жойқын жер сілкінісі туындаған жағдайда азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарының, күштері мен құралдарының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға дайындығын арттыру мақсатында "Жер – 2025" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығудың теориялық бөлімінде жедел топтар ықтимал жағдайды болжады және шешімдер қабылдау үшін ұсыныстар дайындады. Сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан өңірлік жедел топтар жер сілкінісі болған жағдайда туындайтын ахуалды бағалап, азаматтық қорғау аумақтық кіші жүйелерінің жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша іс-қимыл тәртібін пысықтады. 

Тараз қаласының орталық алаңында да республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында жедел әрекет ету жасағының саптық байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков қатысушы құрылымдардың дайындығын тексеріп, жеке құрам мен техникалардың жай-күйімен танысты.

Саптық байқауға 88 маман мен 32 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Қатысушылардың материалдық-техникалық жабдықтары, байланыс және құтқару құралдары көрсетіліп, олардың төтенше жағдай кезінде қолдануға толық дайын екені анықталды.

Жалпы оқу-жаттығу шеңберінде жойқын жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарды тарта отырып, 84 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Барлығы 5 570 адам және 1 440 бірлік техника, соның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы тартылды. Зардап шеккен халықты орналастыру үшін 7 162 адамға арналған 50 шатырлы лагерь, 4 мобильді госпиталь және 12 далалық басқару пункті орнатылды.

Сейсмикалық қауіпті өңірлердегі халық көп жиналатын нысандарда 645 сейсмикалық жаттығу өткізіліп, 181 мың адам қамтылды. Оқу-жаттығу аясында «Сейсмикалық қауіпсіздік айлығы» өткізілді. Нәтижесінде құтқарушылар 2 665 көпқабатты тұрғын үй мен 19 632 жеке тұрғын үйді аралады, жалпы 123 041 адам қамтылды. Халыққа «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам» және «Дабыл сөмкесін жабдықтау» тақырыбында жадынамалар таратылды. Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан орны туралы ақпарат жазылған 11 069 QR код орнатылды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қызметтердің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындық дәрежесі атап өтілді. Барлық сценарийлер үйлесімді және кәсіби түрде пысықталды. Оқу-жаттығулар азаматтық қорғау жүйесін үнемі жетілдірудің және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттырудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар