Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқытушылар қытайлық оқытушылар қытайлық әріптестермен тәжірибе әріптестермен тәжірибе алмасты

Оқытушылар қытайлық оқытушылар қытайлық әріптестермен тәжірибе әріптестермен тәжірибе алмасты
Автор
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығын кеңейтуде. Жуырда университет делегациясы Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапары аясында Іле педагогикалық университетінде болды.

Іссапар аясында стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Арман Құдайбергенов бастаған қазақстандық делегацияны қытайлық әріптестер ерекше ілтипатпен қарсы алды. Проректордың айтуынша, алғашқы жүздесудің өзінен-ақ екі тараптың өзара түсіністікке бейімділігі, ортақ мақсатқа ұмтылысы аңғарылған. Ашық әңгімеге құрылған кездесу ресмиліктен гөрі іскерлік сенімге басымдық берілген мазмұнымен ерекшеленді.

Іле педагогикалық университеті – Қытайдағы беделді оқу орындарының бірі. Мұнда білім беру үдерісі заманауи талаптарға сай ұйымдастырылып, тілдік даярлық пен халықаралық байланыстар жүйелі түрде дамытылған. Университеттің академиялық құрылымы мен ғылыми бағыттарының кеңдігі оны өңірлік қана емес, халықаралық деңгейдегі маңызды білім ордасына айналдырып отыр.

Делегация сапары аясындағы негізгі кездесу Чонгде ғимаратының Батыс залында өтті. Кең әрі салтанатты залда өрбіген пікір алмасу тек бүгінгі жағдаймен шектелмей, алдағы ықпалдастықтың нақты бағыттарын айқындауға арналды.

Қонақтарды қарсы алған университеттің тұрақты комитетінің мүшесі, вице-президент Цао Хунцинь оқу орнының қалыптасу кезеңдеріне, қазіргі даму динамикасына және ғылыми әлеуетіне кеңінен тоқталды. Ол халықаралық әріптестік аясында жүзеге асып жатқан жобаларды атап өтіп, университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатудағы тәжірибесін бөлісті. Әсіресе білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға бейімдеу, ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүргізу бағытындағы бастамаларға ерекше назар аударылды.

Қазақстандық делегация да өз кезегінде университеттің білім беру бағдарламалары, академиялық құрылымы мен оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет ұсынды. Халықаралық серіктестікті дамытудағы басым бағыттар, академиялық ұтқырлықты кеңейту, қос дипломды бағдарламаларды іске қосу секілді бастамалар әріптестер тарапынан қызығушылық тудырды. Тараптар өз тәжірибелерін салыстыра отырып, өзара тиімді ынтымақтастықтың нақты тетіктерін қарастыруға ден қойды.

Кездесу барысында ұсынылған таныстырылымдар мазмұндық тереңдігімен ерекшеленіп, әңгіме құрғақ деректер аясында қалып қоймай, нақты ұсыныстар мен бастамаларға ұласты.

Сапар қорытындысында алдағы кезеңге арналған нақты жоспарлар айқындалды. Екі тарап та халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға мүдделі екенін білдіріп, байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.

Ақтоты Жаңабай

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар