
Жиында әуелі Тараз қаласы полиция басқармасының киберқылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Дидар Өскенбай алаяқтықтың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алу және жолын кесу мәселелері туралы баяндады.
– 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қала аумағында жалпы алаяқтықтың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 79,1 пайызға өсіп, ашылу көрсеткіштері 23,1 пайызға жақсарған. Интернет жүйесін пайдаланумен 242 қылмыстық іс тіркелді. Интернет-алаяқтықтың жалпы ашылуы 16,3 пайыздан 59,4 пайызға артып отыр, – деді Дидар Ғалымұлы.
Келесі кезекте Тараз қаласы бойынша «Мансап орталығы» директорының орынбасары Ерғали Кембаев бұрын сотты болғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды оңалту мен әлеуметтік қолдау шараларына тоқталды.
Жалпы 2025 жылдың басынан қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты түзеу мекемелеріндегі және Тараз қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған жалпы 52 азамат тұрақты және жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған.
Тараз қаласы әкімдігінің медиа орталығы