Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан медицинасының аңызы Нина Каюпова өмірден өтті

Қазақстан медицинасының аңызы Нина Каюпова өмірден өтті
ҚазНМУ
Қазақстандық медицина ғылымының көрнекті өкілі, ғалым, қоғам қайраткері Нина Амировна Каюпова өмірден өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мәлімдеді.

Нина Амировна — еліміздегі акушерлік-гинекологиялық қызметтің негізін қалаушылардың бірі, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының іргетасын қалаған тұлға. Ол 30 мыңнан астам сәбидің жарық дүниеге келуіне себепкер болып, 25 ғылым докторын, 40-тан аса кандидат дайындаған. 60 жылдан астам еңбек жолында 400-ден аса ғылыми мақала мен 19 монография жазды.

Ол медициналық білім мен ғылымды ғана емес, қоғамдық өмірді де белсенді дамытты. Жоғарғы Кеңестің депутаты, Сенат мүшесі, әйелдер мен балалар құқығын қорғау саласының белсендісі ретінде БҰҰ мінберінде Қазақстан атынан сөз сөйлеген.

Соңғы жылдары ана мен бала денсаулығы бойынша республикалық орталықта бас ғылыми қызметкер әрі кәсіби журналдың бас редакторы қызметін атқарды.

Ол медицина мен қоғамға қосқан үлесі үшін «Парасат» орденімен, II дәрежелі «Достық» орденімен, Президенттің Бейбітшілік пен рухани келісім үшін Мемлекеттік сыйлығымен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен және бірқатар медальдармен және Алматы қаласының Құрметті азаматы атағымен марапатталған.

Нина Амировнамен қоштасу рәсімі 16 шілде күні сағат 10:00-де Concordia театрында өтеді

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар