Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Автор
2025 жылғы 15 шілдедегі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамындағы өзгерістерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

Оның айтуынша, жыл басынан бері ұлттық валюта 1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 519,73 теңге деңгейінде қалыптасқан.

Жылдың алғашқы айларында теңге импортық сұраныстың төмендеуі мен экспорттаушылардың салық төлемдері нәтижесінде шетел валютасының ұсынысының артуынан қолдау тапқан.

Маусым айының екінші жартысынан бастап, валюталық нарықта теңгенің маусымдық әлсіреуі байқалған.
Негізгі себептер:

  • халық арасындағы демалыс маусымының басталуы,
  • мемлекеттік сатып алулар мен бюджеттік бағдарламалардың белсенді кезеңі,
  • заңды тұлғалардың шетел валютасына сұранысының артуы.

«Бұл қалыпты және қысқа мерзімді құбылыс. Ішкі факторлардың маусымдық сипаты мен сыртқы жағдайдың тұрақтылығын ескере отырып, валюта бағамының айтарлықтай өзгеруіне алғышарттар жоқ», – деді Тимур Сүлейменов.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 14 шілдеде сарапшылар доллар бағамы бойынша болжауларын ұсынған болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар