Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды

Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды
gov.kz
Олардың қатарында 18 жаттықтырушы мен 6 ресми өкіл бар, деп хабарлайды arainfo.kz

16–27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан атынан 76 спортшы 12 спорт түрі бойынша ел намысын қорғайды.

Ауқымды жарыс Дуйсбург, Бохум, Эссен, Хаген, Мюльхайм және Берлин қалаларында өтеді. Бұл – Халықаралық университеттік спорт федерациясы (FISU) ұйымдастыратын ең ірі студенттік спорт додаларының бірі.

Биылғы Универсиадада әлемнің түкпір-түкпірінен келген 8 500-ден астам спортшы 18 спорт түрі бойынша 234 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бағдарламаға жеңіл атлетика, жүзу, таэквондо, қылыштасу, гимнастика, жебе ату және басқа да спорт түрлері енген.

Қазақстан бұл жарысқа 1993 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен Универсиадада ұлттық құрама 2 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль иеленген. Ең үздік көрсеткіш 2013 жылғы Қазандағы Универсиадада тіркелді: сол жылы отандастарымыз 30 медаль жеңіп алған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар