Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Құжат аясында Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға өзгерістер енгізілді.

Бірінші блок – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге арналған.
Жай серіктестік нысаны жойылып, басқарудың екі түрі ғана қалды:

  • МИБ – меншік иелері бірлестігі
  • ТББ – тікелей бірлесіп басқару.

Екінші блок – салық заңнамасындағы өзгерістерге қатысты.

Заң декларациялау рәсімдерін нақтылап, Салық кодексіндегі сілтеме нормаларды өзектендіруді көздейді.

Сонымен қатар Президент:
– «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске (Салық кодексі) өзгерістер енгізу туралы,
– «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа қатысты толықтырулар енгізу туралы заңдарға да қол қойды.

Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар