
Бүгінгі күні сот жүйесі Конституцияда бекітілген нормаларға сүйене отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда. Судьялардың кәсіби тәуелсіздігі, әділ шешім шығаруына жасалған жағдайлар – барлығы Конституциядан бастау алады. Сот әділдігі болмаса, қоғамда сенім де, тұрақтылық та болмайды. Сондықтан әділ сот төрелігі – демократиялық мемлекет дамуының басты көрсеткіші.
Қазақстанда сот жүйесі үнемі жетілдіріліп, заман талабына сай реформалар жүргізілуде. Бұл реформалардың түпкі мақсаты – Конституция бекіткен әділдік қағидатын толық жүзеге асыру. Соттар азаматтардың құқықтарын қорғап қана қоймай, заң алдындағы теңдік қағидасын орнықтырып, халықтың сот билігіне деген сенімін арттырып келеді.
Конституция – әділ сот төрелігінің мызғымас негізі. Оны құрметтеу, оның талаптарын орындау – сот жүйесінің, әр судьяның және әрбір азаматтың ортақ парызы. Әділ сот – халықтың қорғаны, мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.
Салтанат Койтекеева,
Жамбыл облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы