Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Экономикалық сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудағы цифрландырудың рөлі қандай?

Экономикалық сот ісін жүргізудің тиімділігін арттырудағы цифрландырудың рөлі қандай?
Ашық дереккөз
Қазіргі таңда цифрландыру барлық салада басты орынға ие болып отыр. Әсіресе экономикалық соттарда цифрлық технологияларды қолдану сот ісін жүргізудің ашықтығын, жеделдігін және тиімділігін арттыруға септігін тигізуде.

Біріншіден, электронды сот ісін жүргізу жүйесі арқылы тараптар өз талап қоюларын, қарсы талаптарын, дәлелдемелерін онлайн түрде ұсына алады. Бұл олардың уақытын үнемдеп қана қоймай, процестің ашық, әрі айқын өтуін қамтамасыз етеді.

Екіншіден, сот отырыстарының бейнеконференцбайланыс арқылы өтуі қашықтықтан қатысуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе басқа өңірлерде немесе елдерде жүрген тараптар үшін өте тиімді.

Үшіншіден, сот құжаттарын цифрлы түрде сақтау және архивтеу сот ісін жүргізудің сапасын арттырады. Құжаттарды іздеу, табу, пайдалану жеңілдейді. Сонымен қатар адами фактордан болатын қателіктер азаяды.

Төртіншіден, сот процестерін цифрландыру сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. Барлық іс-әрекеттер онлайн жүйеде тіркеліп, бақылауда болады. Бұл соттарға деген сенімді арттырады.

Қорыта айтқанда, цифрландыру экономикалық сот ісін жүргізудің заманауи талабы ғана емес, сонымен қатар әділдіктің, ашықтықтың, тиімділіктің кепілі болып табылады. Алдағы уақытта да сот жүйесін толық цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жетілдіру маңызды.

Гүлнара АЖАКАЕВА,

Жамбыл облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар