Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда қаржы заңнамасына ауқымды реформа жасалмақ

Қазақстанда қаржы заңнамасына ауқымды реформа жасалмақ
Үкімет
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл елімізде қаржы заңнамасын жаңғыртуға бағытталған кешенді реформалар пакеті әзірленуде, деп хабарлайды arainfo.kz

Ұлттық Банк алдағы уақытта макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады. Инфляциялық қысымды төмендету мақсатында елде дезинфляциялық саясат жүргізіліп, ақша-кредит құралдарынан бөлек қосымша тетіктер енгізіледі.

Негізгі бағыттар:

Валюталық операцияларды теңгеру: Алтын сатып алу аясында валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтау жалғасады.

Несие нарығындағы тұрақтылық: Жеке тұлғалар несиесіне қатысты контрциклдік капитал буфері енгізіледі.

Банктердің жауапкершілігі: Міндетті резервтердің ең төменгі нормасын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Инвестициялық саясат: Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры портфелінде жоғары кірісті активтердің үлесін көбейту көзделуде.

Цифрлық қаржы инфрақұрылымы: Қаржы секторының цифрлық трансформациясы жалғасып, цифрлық теңгені кеңінен қолдану мәселесі пысықталуда.

Сонымен қатар, қаржы заңнамасының реформасы банк жүйесін, төлем және бағалы қағаздар нарығын дамытуды, цифрлық қаржы активтерін реттеуді және ұлттық цифрлық инфрақұрылымды енгізуді қамтиды.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл бастамалар қаржы жүйесінің экономикаға қосатын үлесін арттырып, жаңа салалардың дамуына серпін береді және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар