Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда лизингтік бағдарлама арқылы техника алған фермерлер саны рекордтық деңгейге жетті

Жамбылда лизингтік бағдарлама арқылы техника алған фермерлер саны рекордтық деңгейге жетті
«ҚазАгроҚаржы» АҚ
Ауыл шаруашылығын дамыту, шаруалар мен кәсіпкерлерге қолдау білдіру шаралары артып келеді. Мәселен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен бірқатар шаруақожалықтары өз істерін оңтайландырып, кәсіпкерлер озық технологияларды қолдану арқылы туындаған мәселелердің шешімін қарастыруда. Оның ішінде су үнемдеу технологияларын енгізіп, оны өндірісте кеңінен пайдалану жұмыстарын айтып өтпеске болмайды. Бұл бағытта да «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен Жамбыл облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ фермерлерге жан-жақты қолдау білдіріп, бүгінде бірқатар кәсіпкерлерге шаруаларын оңтайландыру ісіне атсалысып келеді. ҚАкционерлік қоғам төмен пайыздық мөлшерлеме және төлемдерді ыңғайлы жоспармен өтеу мүмкіндігін қарастыра отырып, тиімді шарттар ұсынады. Көп жағдайда келісімшарттар жылдық 5–6 пайыз мөлшерлемемен рәсімделіп, 10 жылға дейінгі мерзімді қамтиды. Сондай-ақ өнімнен түскен табысқа қарай, төлем уақытын фермер өзіне қолайлы кезеңге жоспарлай алады. Компанияның басты артықшылығы да осыда. Бұл жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев баяндады.

– Өзге де несиелерден айырмашылығы, лизинг біздің саланың ерекшелігін ескереді. Бұл жай ғана қаржылық қолдау емес - бұл бизнесті бар нәрсеге қауіп төндірмей дамытудың нақты мүмкіндігі. 25 жыл ішінде Жамбыл облысының АӨК-не шамамен 46,4 миллиард теңге инвестиция салынды. Қазіргі уақытта облыста несие алушылардың саны - 972 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні құрайды. Сондай-ақ, аталған уақыт аралығында «ҚазАгроҚаржы» облыс үшін 36,2 миллиард теңге сомасына 3164 техника сатып алуды қаржыландырды. Өткен жылдың өзінде біз ел көлемінде 228 миллиард теңгеге техника сатып алуға көмектестік. Бұл шамамен 10000 бірлік техника. Биылғы жылы біз бұл көрсеткішті 250 миллиардқа жеткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің мақсатымыз шаруаны қарызға батырмай, керісінше  оны қолдау. Біз фермердің тек техниканы төлеу үшін өмір сүрмей, өз шаруашылығын дамытып, ертеңгі күнге сенімді өмір сүруін қалаймыз,  – деді Еркебұлан Жұмжаев.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Барқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев өз пікірінде биыл тек Жамбыл облысынының өзіне 7 миллиард теңгеге техника беру жоспарланып, аталған қаржыға 900-ден астам фермер көмек алатынын қоса айтты. Бүгіннің өзінде несие алушылардың басым көпшілігі жылдық бес пайыздық мөлшерлемемен бағдарламаны таңдаған.

2025 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ рәсімдеу процесін одан әрі жеңіл әрі қолжетімді ету мақсатында өтінім берудің электрондық жүйесін іске қосты. Өтінімді қарау уақыты орта есеппен 10 күннен аспайды. Өтінім мақұлданған соң тұтынушы шартқа қол қойып, 30–45 күн ішінде техникаға қол жеткізеді.

Байзақ ауданындағы «Агрохолдинг ASPAN» ауыл шаруашылығы кооперативі лизингтік бағдарламамен бұрыннан таныс. Кооператив басшысы Саха Манатовтың айтуынша, «ҚазАгроҚаржы» АҚ ұжымы техникамен қамтамасыз етуден бастап су үнемдеу технологияларын енгізуге дейін жан-жақты қолдау көрсеткен. Қазіргі уақытта шаруашылық шамамен төрт мың гектар жерді өңдеп, жүгері, бұршақ, қызылша және өзге де көпжылдық дақылдар өсірумен айналысады.

– Шағын фермерлік шаруашылықтан басталған еңбек жолым , «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен тікелей байланысты десем де болады. 2007 жылы кәсібімді бастаған кезде алғашқы үш тракторды лизингке алдым. Кейінірек олар жылыжайды қаржыландырды. Бұл қарыздар әлдеқашан жабылған. Ал өткен жылы біз барлық Агрохолдинг техникасын жаңарту үшін 100 миллион теңгеге лизинг рәсімдедік. Қазір 400 миллион теңгеге жаңа өтінім ресімдеп, 10 трактор мен комбайн сатып алуды жоспарлап отырмыз. Агрохолдинг үшін лизинг бойынша төлем жылына бір рет - маусымнан кейін жүргізілетіні ерекше маңызды. Бұл шаруалар үшін қиын кездерде алаңдамай жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, егер фермер әртүрлі жағдайлар бойынша қарызды уақытында төлей алмаса, «ҚазАгроҚаржы» АҚ сұрақтар бойынша жүгіне алады. Оңтүстік аймақ фермерлерінің алдында тұрған үлкен қиындықтардың бірі-су тапшылығы. Жамбыл фермерлері Қырғызстаннан келетін ағынның азайғанын сезуде. Сол себепті «Aspan Агрохолдингі» автономды сумен жабдықтауға көшті. Қазір бізде 23 ұңғыма бар, су бүрку жүйесі арқылы беріледі. Бүгінгі таңда  850 гектар жерді суарып жатырмыз, алдағы жылдары аумақты төрт мың гектар аумақты толық қамтуды жоспарлап отырмыз, – дейді Саха Манатов.

Сонымен қатар кооператив басшысы ұжымда 32 қызметкер өз жұмысын атқарып, әрқайсысы мамандық бойынша бөлінгенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмысын жақсы атқарған қызметкерлерге жан-жақты көмек берілетінін де жасырмады.

Байзақ ауданына барған сапарымызда жоғарыда айтылған мәселелердің шешімі мен фермердің жұмысымен толық таныс болдық.  «ҚазАгроҚаржы» АҚ – ның жүйелі жобалары мен білікті бастамалары өз жалғасын таба берсін деген тілектеміз.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар