Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
gov.kz
Жамбыл облысы әкімдігінің конкурстық комиссиясының шешімімен, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің өкімімен ауданы әкімінің орынбасары болып Айбек Жаханбайұлы Тасеменов тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Тасеменов Айбек Жаханбайұлы 1985 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. 

2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Алматы заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жапония, Нидерланды және Германия елдерінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2008 жылы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасында штаттан тыс қызметкер-лектор, бас маман, бөлім басшысы қызметтерінен бастаған.

2014-2019 жылдары облыс әкімінің аппаратының инвестициялар және индустриялық даму бөліміне жетекшілік еткен.

2019-2020 жылдары «Aurum Deutschland» ЖШС-нің Тараз қаласы бойынша өкілі қызметін атқарған.

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

2022-дан бүгінге дейін Тараз қаласы әкімінің аппаратының басшысы қызметін атқарған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар