10 жасар баланы иттерден құтқарып қалған азамат марапатталды
- author AR-AY
- 10 шілде, 2025
- 1

30 маусым күні Алмалыбақ ауылындағы футбол алаңында 10 жастағы Максим Головачевті иттердің шабуылынан құтқарып қалған Серікбек Сақайбаев ресми түрде марапатталды.
Оқиға кезінде ауыл тұрғыны баланы құзырлы органдар келгенше өлім аузынан арашалап қалған. Ерлікке пара-пар бұл әрекет елеусіз қалмай, Қарасай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Атшабаров Сақайбаевқа алғыс хат пен демеушілер атынан қаржылай сыйлық табыстады.
Сондай-ақ, аудандық полиция басқармасының басшысы Нұсқабек Зауланбаев пен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бағдат Шәріпбеков те алғыс хат пен естелік сыйлықтар ұсынды.
Қарасай ауданы әкімдігі бұл оқиғаны толық бақылауда ұстап отырғанын хабарлады.
Айта кетейік, баланы аман алып қалған Серікбек Сақайбаевқа иттердің иесі өтемақы талап еткені де қоғамда қызу талқыланған болатын.