Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Төтенше жағдайлар министрлігі шаңды дауыл мен тұман туралы ескертті

Төтенше жағдайлар министрлігі шаңды дауыл мен тұман туралы ескертті
istockphoto.com
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлайды arainfo.kz

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың көптеген өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.

Атап айтқанда, елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсерлі жаңбыр күтіледі. Ал батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерде күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Желдің күшеюі бүкіл республика аумағында байқалады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, солтүстікте – тұман күтіледі.

Төтенше жағдайлар қызметі қолайсыз ауа райында барынша сақ болуға, қажетсіз жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар