Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Астанада ер адам Министрліктер үйінде өрт қоюға әрекеттенді

Астанада ер адам Министрліктер үйінде өрт қоюға әрекеттенді
egov.kz
Астанада 24 жастағы ер адам Министрліктер үйінің бір подъезінде өрт қоюға талпынды, деп хабарлайды arainfo.kz

Оқиға сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілерде тарады. Видеода ер адамның кіреберістегі турникетке жанғыш сұйықтық шашып, от қойғаны байқалады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталған. Ал өртті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел сөндіріп, зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, таңғы уақытта автоматты өрт дабылы іске қосылып, оқиға орнына дереу Астана қалалық ТЖД мамандары жеткен. Өрт шамамен 2 шаршы метр аумақты шарпыған, алайда өрт сөндіргіш арқылы дер кезінде сөндірілді.

Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар