Жаңалықтар
ТОП–100: Еліміздің үздік студенттері электрондық журналда жинақталды
- author AR-AY
- 10 шілде, 2025
- 7

ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Talap» КЕАҚ Қазақстан Республикасы колледждерінің «ТОП-100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы бойынша электрондық журнал жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
Журналда байқау мақсаты, ұйымдастырушылар мен серіктестер туралы ақпараттармен қатар, еліміздің әр өңірінен іріктелген 100 үздік студенттің оқу орны, мамандығы, жетістіктері мен қоғамдық белсенділігі қамтылған. Сонымен қатар, олардың жұмысқа орналасуы мен кәсіби дамуына қатысты мәліметтер де көрсетілген.
Электрондық журнал www.talap.edu.kz сайтында жарияланып, студенттерге, педагогтерге, колледж өкілдері мен жұмыс берушілерге қолжетімді.
Еске сала кетейік, байқау осы жылдың наурыз айында дарынды әрі болашағы зор колледж студенттерін қолдау мақсатында басталған болатын.