Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жоғарғы Сот алимент өндіріп алуға қатысты қаулыға өзгеріс енгізді

Жоғарғы Сот алимент өндіріп алуға қатысты қаулыға өзгеріс енгізді
istockphoto.com
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 2019 жылғы 29 қарашадағы №6 «Соттардың алименттерді өндіріп алу жөніндегі істерді қараған кезде заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұған дейінгі редакцияда ата-ананың материалдық немесе отбасылық жағдайының өзгеруі алимент мөлшерін өзгертуге автоматты негіз бола алмайтыны көрсетілген еді. Енді бұл норма қаулыдан алынып тасталды.

Бұл өзгерістер Конституциялық Соттың 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №58-НҚ қорытынды шешіміне сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Конституциялық Сот аталған қаулының алимент сомасы төлеушінің жалақысы мен табысының 50%-нан асып кеткен жағдайда бірнеше сот актісі негізінде өндіріп алу мәселесін жеткілікті түрде түсіндірмегенін атап өтті.

Жаңартылған қаулы алимент даулары бойынша істерде баланың мүддесін барынша қорғау, сондай-ақ төлеушінің шынайы қаржылық жағдайын ескеруге мүмкіндік береді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар