Жаңалықтар
Тоқаев Трамптың баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады
- author AR-AY
- Бүгін, 10:55
- 19

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын енгізу жөніндегі хатына ресми жауап жолдады, деп хабарлайды arainfo.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанның АҚШ-пен бұрыннан қалыптасқан сенімді сауда және инвестициялық серіктестікке ерекше мән беретінін атап өтті. Ол екі ел арасындағы әділ, ашық және өзара тиімді сауда қарым-қатынасын дамытуға бейілділік бар екенін жеткізді.
Сауда мәселелерін шешу үшін Қазақстан тарапы конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев тараптардың ортақ мәмілеге келіп, мәселені оң шешуге болатынына сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жоғарғы Сот алимент өндіріп алуға қатысты қаулыға өзгеріс енгізді
- авторAR-AY
- Бүгін, 11:53