
2025 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында платформа арқылы 11 966 өтініш түскен. Олардың ішінде 11 185-і (93,5 пайыз) сәтті орындалды, 314-і орындалуда, тек 41 өтініштің (0,4 пайыздан аз) мерзімі өтіп кеткен.
Платформа күнделікті экологиялық мәселелерді шешуді жеделдетіп қана қоймай, жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын арттырады.
Өтініштердің ең көп саны Алматы (36 пайыз), Астана (10 пайыз) және Түркістан облысынан (15 пайыз) түскен.
Басқа өңірлерде белсенділік бірте-бірте өсуде. Дегенмен ең төменгі көрсеткіштер Шымкентте, сондай-ақ Ұлытау мен Жетісу облыстарында сақталып отыр.
Шағымдардың басым бөлігі аумақтарды тазалау, жол жөндеу және қоқыс шығарумен байланысты.
Кейбір жағдайларда өтініштерді ресми түрде жабу тіркелген - бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында. Мұндай жағдайларды жою жұмыстары жергілікті атқарушы органдармен және мердігерлермен бірлесіп жүргізілуде.
@TazaQazBot мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттесуінің тиімді арнасы ретіндегі рөлін нығайтуды жалғастыруда. Азаматтардың белсенділігінің өсуі экологиялық жауапкершілік мәдениетінің қалыптасқанын көрсетеді.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ