Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талапкерлерді қабылдау қарқынды жүргізілуде

Талапкерлерді қабылдау қарқынды жүргізілуде
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректоры Ләззат Еркінбаева мен аталған оқу орнының қабылдау комиссиясының басшысы Алуа Назарбекованың қатысуымен брифинг өтті.

Спикерлер 2025-2026 оқу жылына талапкерлерді қабылдау науқанының барысы туралы баяндама жасады.

Жоғары оқу орындарына құжаттарды тапсыру мерзімі 20 маусым-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады.

Ал шығармашылық мамандықтарына өтініш беру уақыты екі кезеңмен өткізіледі. 7-13 шілде аралығында грант конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау және шығармашылық емтихандарды тапсыру, сондай-ақ 11-15 тамыз аралығында талапкер ақылы негізде оқуға өтініш білдіре алады.

Магистратураға түсу үшін өтініштер жазғы қабылдау үшін 1 маусым мен 8 шілде аралығында, қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат оқуға түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Докторантураға түсу үшін өтініштер жазғы қабылдау үшін 3 шілде мен 3 тамыз аралығында, ал қысқы қабылдау үшін 28 қазан мен 10 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары жазғы қабылдау үшін 4 тамыздан 20 тамызға дейін, қысқы қабылдау үшін 19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

– Биылғы қабылдау жұмысына дайындық өз деңгейінде жүргізіліп жатыр. Ерекшелігіміз – электронды кезекті жетілдірудеміз. Сұранысқа ие жаңа білім беру бағдарламалары ашылды: «Мұнай газ цифрлық инженериясы», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарындағы машина жасау технологиясы», «Туризм саласындағы цифрлық маркетинг», сондай ақ «Құқықтану» бойынша докторантураға қабылдау жоспарлануда.

Биылғы оқу жылына педагогикалық блім беру топтары бойынша 200 атаулы мемлекеттік грант берілсе, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарына 95 грант берілгендігі қуантарлық жағдай.

Бүгінгі таңда университеттің 6 факультеті бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие мамандар дайындайды. Оқу орнында 9 оқу корпусы, спорт кешендері, жылыжай, 130-дан аса оқу зертханасы, 2 жатақхана және 1 250 орынды 13 кітап беру пункті бар. Оқу залдары, Creative zone, Coworking zone, Open space форматындағы кітапханалар студенттер мен профессор-оқытушыларға қызмет көрсетеді.

Жаңа талапқа сай, сұранысқа ие 148 білім бағдарламасы бойынша білікті профессор-оқытушылар дәріс береді.

Қос дипломды білім беру бағдарламалары аясында Португалия, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерімен серіктестік орнатқан.

Халықаралық және ұлттық академиялық ұтқырлық бағдарламалары сәтті жүзеге асуда. Студенттер келісімшарт жасалған 159 университеттің бірінде білім ала алады, – дейді Ләззат Қалымбекқызы.

Брифинг соңында Алуа Назарбекова БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар