Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1,5 мың мектеп "Ауыл мектебі – сапа алаңы" республикалық жобасына қосылады

1,5 мың мектеп "Ауыл мектебі – сапа алаңы" республикалық жобасына қосылады
gov.kz
Ауыл мектептерін қолдау күшейтілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және олардың басым бөлігі – шағын жинақты мектептер. Қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске қосылған болатын.

Жоба аясында өңірлерде түрлі бағыттағы бастамалар жүзеге асуда. Мәселен:

Ақтөбе облысында – «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту»,

Алматы облысында – «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру»,

Маңғыстау облысында – «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту»,

Ұлытау облысында – «Ustaz Ulytau» жобасы қолға алынған.

2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп жобаға қатысса, 2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 10 тірек және 30 шағын жинақты мектеп қосылды. 2025–2026 оқу жылында тағы 1600 ауыл мектебі қамтылмақ.

Жобаның нақты нәтижелері:

Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды;

Цифрлық және пәндік кабинеттермен жабдықталды;

Жылдам интернетпен қамтамасыз ету шешілді;

Онлайн оқыту жүйесі енгізілді.

Атап айтқанда, оқушы мен мұғалім саны аз ауыл мектептерінде математика, физика, химия, биология және ағылшын тілі пәндерінен онлайн сабақтар өткізіліп жатыр. Бұл – пәнді нақты маманның жүргізуіне мүмкіндік береді.

«Кейбір ауыл мектептерінде бір мұғалім бірнеше пәннен сабақ беріп жүр. Жаңа жобаның арқасында тірек мектеп мұғалімдері шағын жинақты мектептегі оқушыларды онлайн оқытады. Бұл тек балалардың білім сапасын арттырып қоймай, мұғалімдердің де кәсіби дамуына жол ашады», — деді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева.

Сонымен қатар, ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіліп, цифрлық сауаттылық курстары, жаңа технологияларды пайдалану және оқу бағдарламаларын бейімдеу бойынша тренингтер өткізіліп келеді. Қазірдің өзінде 10-нан астам республикалық іс-шара ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар