Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таеквондодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды

Таеквондодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем кубогында қола жүлдеге ие болды
qazsport
Оңтүстік Кореяда таеквондодан әлем кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды arainfo.kz

Бүгін басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде отандастарымыз Марокко құрамасын 2:1 есебімен жеңіп шықты. Команда құрамында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев және Нұрбек Ғазез сынға түсті.

Турнир барысында Қазақстан іріктеу кезеңінде Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 1:2 есебімен есе жіберді. Соған қарамастан, көрсеткен нәтижесі арқылы ерлер құрамасы жылдың соңында өтетін әлем кубогына жолдама иеленді.

Ертең турнир аясында әйелдер арасындағы командалық сайыстар өтеді. Қазақстан құрамасы бұл кезеңде де жақсы нәтиже көрсетуге үмітті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар