Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Белгілі кинорежиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті

Белгілі кинорежиссер Сламбек Тәуекел өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, еңбек сіңірген қайраткер Сламбек Тәуекел өмірден озды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстанның киноөнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған танымал режиссер, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Сламбек Тілеуқабылұлы Тәуекел өмірден озды.

Қайғылы хабарға байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен барша өнер қауымына қайғыра көңіл айтты.

Сламбек Тілеуқабылұлы – қазақ киносының дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Ол бірқатар тарихи-көркем фильмдерді жарыққа шығарып, кәсіби режиссер, білікті сценарист әрі продюсер ретінде ұлттық руханияттың дамуына сүбелі еңбек сіңірді. Сонымен қатар, Қазақ ұлттық өнер университетінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып, жас мамандардың тәрбиесіне де үлкен үлес қосқан болатын.

Өнер мен мәдениет шежіресінде жарқын із қалдырған ардақты азаматтың ғибратты ғұмыры ел жадында мәңгілік сақталмақ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар