
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын қазақстандықтарға инфекциялық аурулардан сақтануға кеңес беріп, арнайы жадынама таратты, деп хабарлайды arainfo.kz
Ведомствоның мәлімдеуінше, туристік қозғалыстың артуына байланысты Қазақстанға тән емес қауіпті инфекциялардың елге әкеліну қаупі сақталып отыр.
Тропикалық инфекциялар жиі кездесетін негізгі өңірлер — Африка, Оңтүстік Америка және Оңтүстік-Шығыс Азия. Бұл аймақтарда аурулар:
- Жоғары жұқпалылықпен,
- Ауыр ағымымен,
- Емдеудегі күрделілігімен ерекшеленеді.
- Жұқтыру жолдары
- Инфекциялар көбіне келесі жолдармен жұғады:
- Ластанған су мен тағам арқылы,
- Маса секілді жәндіктердің шағуы арқылы,
- Науқастармен немесе биологиялық сұйықтықтармен байланыс арқылы,
- Жыныстық жолмен.
Денсаулық сақтау министрлігі келесі сақтық шараларын ұстануға кеңес береді:
- Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану,
- Жеміс-көкөністерді жақсылап жуып, қайнаған сумен шаю,
- Қол гигиенасын сақтау,
- Жабық киім киіп, масаға қарсы репеллент қолдану,
- Москит торлары мен фумигаторларды пайдалану.
Ауру белгілері байқалса, өз бетінше емделмей, бірден медициналық көмекке жүгіну қажет.
Статистикалық деректер
- Қазақстанда 17 өткізу бекеті санитариялық-карантиндік бақылаумен қамтамасыз етілген;
- Күн сайын шекарадан 50 мыңнан астам адам өтеді;
- 2025 жылдың алғашқы 5 айында елге 2,6 миллион адам кірген, олардың 43-інде дене қызуы анықталып, тиісті көмек көрсетілген.
Министрлік шетелге шығар алдында баратын елдің эпидемиологиялық жағдайын тексеріп, алдын ала дәрігерден кеңес алуға және жеке қорғаныс құралдарын алып жүруге кеңес береді.