Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
gov.kz
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол 1975 жылы 17 желтоқсанда Қостанай облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін 1998 жылы бітірген. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын 1998 жылы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаментінде бастап, әр жылдары министрліктің түрлі құрылымдарында және БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдікте қызмет атқарған. 2012–2018 жылдары Халықаралық құқық департаментінің директоры болды. 2018–2022 жылдары Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан өкілдігінде бірінші орынбасар, 2022 жылдан бастап Таиландтағы елші және БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты комиссиясы жанындағы тұрақты өкіл қызметтерін атқарды.

Бұған дейін Президент жарлығымен Таиландтағы елші лауазымынан босатылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар