Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дайындық деңгейі пысықталды

Дайындық деңгейі пысықталды
Автор
Облыс орталығындағы «Mart» ойын-сауық орталығы аумағында Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті.

Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ербол Амировтың айтуынша, оқу-жаттығуды өткізудегі мақсат – адамдар көп шоғырланатын нысандарда өрт және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру.

Жаттығу ережесіне сәйкес, ғимараттың бірінші қабатында шартты өрт орын алды. Соның салдарынан персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау қажет болды. Жаттығу барысында жедел әрекет ету уақыты ғана емес, барлық қызметтердің өзара іс-қимылы да тексерілді.

Құтқарушылар шартты оқиға орнына жедел жетіп, «өртті» оқшаулап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-қимылдар жүргізді.

– Мұндай форматтағы жаттығулар дабыл беру және эвакуациялау жүйелеріндегі әлсіз тұстарды анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді. Ең бастысы – барлық қатысушылардың үйлесімділігі, шапшаңдығы, – деп атап өтті Е.Амиров.

Сондай-ақ, ол жаттығуға қатысқан барлық қызметтер мен мамандарға жоғары дайындық деңгейі, кәсібилік пен үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдірді.

 

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар