Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлтымыздың ұясы

Ұлтымыздың ұясы
Автор
Астана – ұлтымыздың ұясы, ұлы мұраттарға ұмтылған еліміздің ерек символы. Астана – барша қазақстандықтың мақтанышы, жүрегінде аялап жүрер асылы. Себебі қазақ қазақ болғалы ешкімнің нұсқауымен емес, өзінің таңдауымен, жүрегінің қалауымен таңдаған тұңғыш Астанасы осы болатын.

Астана өмір сүруге, жұмыс істеуге барған сайын қолайлы қалаға айналған: дамыған инфрақұрылымы бар, қызмет орындарының көптігі жағынан ғана емес, мәдени демалыс тұрғысынан да әртүрлі мүмкіндікке ие қалаға айналды. Астаналық театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, мейрамханалар, сауда және ойын-сауық орталықтары, спорт алаңдары сан алуан талап-тілектерді қанағаттандыра алады. Бас қалада мәдениет пен өнерді, ғылым мен білімді дамытуға жағдай жасалған.

Қашан да жастықтың лебі есіп тұратын, даму мен өсу, алға қадам басудың нүктесіне айналған қала жастарға өз шығармашылығымен айналысуға, жанына жақын дүниелерімен шұғылдануға үлкен мүмкіндік беріп тұр. Қазақстанның әр өңірінен жиналған жастар рухани бәсекелестікке түседі, өсу, үйрену жолында еңбек етіп, тер төгеді. Өзім де, балаларым да осы қаладан бақыттың шамшырағын жағып, білім қуып, ізденіспен ізгі өмір сүруді көздейміз.

Мерекең құтты болсын, аяулы Астанам!

Гүлнұр АЛТЫНБЕКОВА,
Су ресурстары және ирригация
министрлігінің бас сарапшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар