
«Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда құқық қорғау қызметкерлері айрықша рөл атқаратыны белгілі. Өйткені Әділетті әрі қауіпсіз Қазақстанды құру ісінде тәртіп сақшыларына жүктелер міндет жүгі ауыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомат Тоқаев айтқандай, «Заң және тәртіп» қағидаты жаппай дәріптелуі тиіс.
Осы мақсатта Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесіндегі жас мамандар «Заң және тәртіп» тақырыбында эссе жазды. Олар өз шығармаларында барша азаматтың мүддесін, құқығы мен бостандығын қорғаудың мызғымас тірегі айналған қағидаттың ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толықтай сай келетінін атап өтті.
Сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлері Президент жариялаған «Заң және тәртіп» апталығы аясында тұрғындардың өз жауапкершіліктерін сезіну мәдениеті берік орнығатынын жеткізді.
Келесі мақала