
"2025 жылғы 30 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі құрылды.
Осыған байланысты комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылуда.
Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Айта кетейік, қайта ұйымдастырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір функциялары мен өкілеттіктері Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілген еді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Асхат Жұмағалиға атқарған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді.
Сенат Төрағасы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Германияда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын 76 спортшы қорғайды
- авторAR-AY
- 15 шілде, 2025