Бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі ұсталды
- author AR-AY
- 1 шілде, 2025
- 169
Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі растады.
Ведомство мәліметінше, қазіргі таңда Сарбасов министрлікке қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті қызметін атқарған. Күдіктінің аты Алматы қалалық тергеу сотының тізімінде алғаш рет кеше пайда болған. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары тергеу органдарына және министрлікке ресми сауал жолдаған. Алайда нақты ақпарат тек бүгін жария етілді.
Әзірге Ақмәди Сарбасовтың қандай іс бойынша ұсталғаны және оған нақты қандай айып тағылғаны белгісіз.
Айта кетейік, ол 2020–2025 жылдар аралығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарған. Ал 2025 жылғы 9 сәуірден бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті лауазымына тағайындалған еді.
ҚАЖД: №59 мекемеде жартыжылдықтыңң қорытындысы тыңдалды
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 15 қараша, 2025




