Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ауылдар мен шағын қалаларда микрокредит пен лизинг беру тәртібі бекітілді

Ауылдар мен шағын қалаларда микрокредит пен лизинг беру тәртібі бекітілді
istockphoto.com
Ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мақсатында микрокредит пен лизинг беру қағидалары бекітілді, деп хабарлайды arainfo.kz

Тиісті №53 бұйрыққа 2025 жылғы 16 маусымда Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қол қойды.

Қағида ауылдық жерде жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғаларға қаржы берудің бірыңғай тәртібін белгілейді. Несиелер кәсіпкерлікті, кооперацияны және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға бағытталған.

Негізгі шарттар:

  • Микрокредит мерзімі: ауыл шаруашылығы жобаларына – 7 жылға дейін, басқа салаларға – 5 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;
  • Қаржы көлемі: 2 500 АЕК-ке дейін, ал қайта өңдеу жобалары үшін – 8 000 АЕК-ке дейін;

Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығын лизингке алу шарты да осыған ұқсас.

Жобалар ауылдық округ деңгейінде алдын ала скринингтен өткізіліп, жұмыс орындарын құру мен кооперацияға басымдық беріледі.

Бұл бастама – «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру аясындағы нақты қадамдардың бірі. Қағиданың толық нұсқасымен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар