
Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған жас жігіттің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды arainfo.kz
2024 жылғы 26 маусымда Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері, кіші сержант Нұрсұлтан Айдарбек жаяу жүргіншілер көпірінен секірмек болған азаматты құтқарып қалды. Патруль кезінде ол көпір қоршауында тұрған жігітті байқап, бірден әрекет етіп, оның қолынан ұстап, сөйлесіп, уақытты ұта білді.
Көп ұзамай оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті мен жедел жәрдем қызметі келіп, азаматты аман-есен түсірді. Тексеру барысында оның отбасылық қиындықтарға байланысты осындай қадамға барғаны анықталды. Қазір оған психологиялық көмек көрсетілуде.
Нұрсұлтан Айдарбек ішкі істер органдарында 2024 жылдың қаңтарынан бері қызмет етіп келеді. Оның жедел әрекеті адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.
Келесі мақала