Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті

Атырауда 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті
видеодан скрин
Атырау қаласының Береке ықшам ауданындағы №23 тұрғын үйде лифтті пайдалану кезінде 11 жастағы баланың қатысуымен оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, бала лифтіге велосипедпен кіруге әрекет жасаған. Алайда есік автоматты түрде жабылып, өзі сыртта қалып қойған. Сол сәтте велосипедтің бір бөлігі лифтке ілініп, кабина қозғалғанда жоғары көтеріле бастаған. Бала велосипедке жармасып, оны босатуға тырысқан сәтте лифт есігі қайта ашылып, бала шахтаға құлап кеткен.

Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген. Медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Қазіргі таңда жабдықтың қауіпсіздігін тексеру үшін жоспардан тыс техникалық сараптама жүргізіліп жатыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар