Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты

Шаруалар Алматы облысында тәжірибе алмасты
Автор
Алматы облысында алғаш рет «Тұрақты ауылшаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілікті дамыту» тақырыбында Егінжай күні өтті. Ауқымды іс-шараны Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырды.

Жиынға Ауылшаруашылығы вице-министрі, Алматы облысының әкімі, халықаралық және отандық ғалымдар, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, сондай-ақ бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Облысымыздан ауылшаруашылығы басқармасының басшысы, аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары және 20-ға жуық шаруа қожалықтың жетекшісі делегация құрамында болып, тәжірибе алмасты.

Егінжай күнінің басты мақсаты – Қазақстанда көміртекті егіншілікті дамыту, көміртекті секвестрлеу және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі инновациялық шешімдерді таныстыру, сондай-ақ органикалық секторды қолдаудың институционалдық тетіктерін талқылау.

Іс-шара аясында көміртекті және органикалық егіншілікті дамытудағы негізгі сын-қатерлері жан-жақты сараланды.

– Қазақстан топырақ пен биомассада көміртекті секвестрлеу үшін кең мүмкіндіктерге ие. Жайылымдар мен пайдаланылмай жатқан егістік алқаптардың едәуір бөлігі қалпына келтіріліп, тиімді көміртек резервуары ретінде пайдаланылуы мүмкін. «Көміртекті полигондар» құру бастамасы – деградацияланған жерлерге орман белдеулері мен көпжылдық дақылдар отырғызу арқылы елдің «жасыл өкпесін» қалыптастыруға бағытталған. Қазақстанның климаттық саясатында 2030 жылға дейін CO₂ шығарындыларын 325 миллион тоннаға дейін қысқарту көзделген. Бұл міндетті іске асыруда аграрлық сектордың белсенді қатысуы қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, органикалық және көміртекті егіншілік бірін-бірі толықтыратын тәсілдер ретінде қарастырылады. Ауыспалы егіс, компост енгізу, сидераттарды пайдалану, топырақты минималды өңдеу сияқты органикалық әдістер гумустың жиналуына ықпал етеді.

Еуропалық Одақ елдерінде органикалық шаруашылықтар топырақтағы органикалық заттардың құрамын сақтауға міндетті. Бұл өз кезегінде топырақтың құрғақшылыққа және эрозияға төзімділігін арттырады, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Спикер баяндамасында көміртекті егіншілікті дамыту бойынша академия айқындаған басым міндеттерді атап өтті.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстанда көміртекті және органикалық егіншілікті дамытуға арналған ғылыми тұрғыдан негізделген шаралар мен оларды ұлттық деңгейде іске асыру тетіктерін қамтитын резолюция әзірленеді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар